Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Павлодарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 120 кәсіпорын вакансияларын ұсынды. Жұмыс іздеушілер арасында жас мамандар да, зейнеткерлер де бар. Жәрмеңке екі жақтық тиімділігі жайлы. Тілшіміз айтады.
Мансап орталығында шағын бизнестен бастап ірі кәсіпорындарға дейінгі 18 ұйым өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Барлығы 120 жұмыс орны ұсынылды. Жұмыс іздеушілер еңбек жағдайларымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алғашқы сұхбаттан өтуге мүмкіндік алды.
Наталья Лютаева, жұмыс іздеуші
Бухгалтер қызметін іздеп жүрмін. Жасым мен біліктілігіме байланысты барлық жұмыс орындары бірдей сәйкес келе бермейді. Бірақ былтыр жәрмеңке қызметін пайдаланып, тез арада жұмыс тапқан болатынмын. Биыл да бағымды сынап көрейін деп келдім.
Жұмыс іздеушілердің арасында оқу орнын енді ғана тәмамдап, алғашқы еңбек жолын бастауға ниетті жас мамандар да бар.
Диас Әнуарбеков, жұмыс іздеуші
Мен өзім жақын арада университет бітіріп, жұмыс ісздеп жүрмін. Ақпараттық технологиялармен байланыстырамын. Көмек іздеп, осы мансап орталығына келіп отырмын. Мансап орталығы вакансиялар жәрмеңкесін өткізіп, бірталай жұмыс орындарын ұсынып отыр. бірнеше жұмыс орнын тауып отырмын.
Жұмыспен қамту жәрмеңкесіне әр жолы жүздеген жұмыс іздеуші шақырылады. Мұнда неғұрлым перспективті жұмыс орнын іздегендер, уақытша жұмыссыз жүргендер немесе қызмет бағыты мен еңбек жағдайын өзгерткісі келетін азаматтар келеді.
Баянгүл Байкенова, мансап орталығының маманы
Павлодар қаласындағы Мансап орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 18 кәсіпорын қатысып отыр. Түрлі мамандықтар 12 бос жұмыс орын ұсынылады.Ішініде мұғалімдер тәрбиешілер, санитарлар керек. Жұмыс орны беріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс іздеу мен қызметкер таңдаудың мұндай форматы екі тарапқа да тиімді. Жұмыс іздеушілер өздеріне лайықты бос жұмыс орнын тезірек тапса, кәсіпорындар өз кезегінде еңбекке бірден кірісуге дайын білікті мамандарды таңдай алады.
Самал Қалиқызы