Айтылды-орындалды: білім беру
Айтылды-істелді. Елімізде жыл басынна бері 59 мың оқушыға арналған жүзге жуық мектептің құрылыс жүруде. Ал, біздің өңірде ескі мектептерді жаңарту қарқынды жүруде. Мәселен, оқу жылы қарсаңында екі ауылдда жаңа мектеп пайдалануға берілді. Алдымен ЕРтіс ауданцы Қызылқақ ауылының тұрғындары білім ордасының ашылц салтанатына куә болды.
Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Асайын Байханов және ауылдың барлық дерлік тұрғындары қатысты. Жаңа білім беру ошағының ашылуы жергілікті халық үшін көптен күткен айтулы оқиға болды. Себебі отыз жылға жуық уақыт бойы балалардың бірнеше буыны білім алуға бейімделмеген ғимаратта оқуға мәжбүр болған.
Жаңа ғимаратта 13 оқу кабинеті жабдықталған. Олардың қатарында компьютер сыныбы, спорт және акт залдары, асхана, сондай-ақ оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Кітапхана қоры шамамен 11 мың дананы құрайды. Мектеп заманауи техникамен қамтамасыз етілген: оқушылардың игілігінде 30 компьютер, бес интерактивті панель және интерактивті тақта бар. Сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалар білім алатын шағын орталықтың жұмыс істеуіне де барлық жағдай жасалған.
Екібастұз ауылдық аймағы Атығай ауылында салынған мектеп ғимараты да заманауи оқу кабинеттерімен толық қамтылды. Спорттық және қосымша білім беру алаңдары да қолжетімді. Физика, химия, биология және информатика кабинеттері, STEM-зертханасы, лингвофонды-мультимедиялық кабинет, мәжіліс, хореография залы, заманауи асхана бәрі талапқа сай. Осындай мүмкіндіктердің арқасында жаңа оқу жылдан бастап күрес, үстел теннисі, хореография, шахмат, домбыра, вокал және мәнерлеп оқу секциялары жұмыс істейтін болады.
Ақбота Мәнеш, атығай ауылдық ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Материалдық-техникалық базасы толық қамтылған. Өте керемет. Ашық әрі жарық. Оқушыларға да, ұстаздарға да жайлы болады деп сенеміз. Бұл шәкірттердің немесе мұғалімдердің ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы деп білемін.
Жаңа білім ордасы алдымен оқушыларды ерекше әсерге бөлеп, қуантты.
Ауылда бұрын мектеп болмаған. Балалар ескі балабақшада екі ауысыммен оқып жүрген.
Самал Қалиқызы