Оқу жылының басталуымен қатар жалға берілетін пәтерлерге сұраныс артатыны сөзсіз. Алаяқтар өз кезегінде мұны өз пайдасына қолданады. Жоқ пәтерлерін жалға беру жайында әлеуметтік желіге  жарнама беріп, адамдарды алдайды. Белгілі бір схема бойынша арбап, арам ойын жүзеге асырады.
Акбар Қаңтарбаев, облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры:
Схема қарапайым күдікті интернет платформада әдемі фотосуреттермен жақсы өңдеу пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыру орналастырады. Кейінен телефон арқылы сөйлесу барысында қылмыскер пәтерді алғысы келетін басқа да клиенттері бар екені хабарлайды. Бұл ретте алдын ала төлем жасаған жағдайда тұрғын үйді тапсыруға уәде береді. Ақшаны алғаннан кейін алааяқ телефонды өшіріп, жарнаманы да өшіріп, іс түссіз жоғалып кетеді.
Алаяқтардың ең көп қолданатын тәсілі – пәтердің өтіп кететініне сендіріп, алдын ала кепілақы талап етеді. Немесе жалған қол қойған құжат береді. Қылмыскерлер тіпті тәулікке пәтер жалдап, ары қарай үйді тапсырып жібереді. Биыл аймағымызда пәтер алаяқтығы бойынша 206 өтініш түсті.
Акбар Қаңтарбаев, облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры:
Мамыр айында Сайфединоваға үкім шығарылды. Ол осыған ұқсас схема бойынша 90 адамды алдап 2,5 млн теңгеге залал келтірген. Сот үкіміне сәйкес оның мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшн пәтердің бар екеніне көз жеткізбестен ешқандай жағдайда алдын ала төлем жібермеңіздер. Сенімді агенттіктер арқылы баспана іздеген дұрыс.
Құқық қорғау қызметкерлері азаматтардан алданып қалмас үшін мұқият болуын сұрайды. Алдын ала төлем жібермей, заңды құжаттарын талап еткен жөн.

Әйгерім Тоқпанқызы