Биыл заңсыз аң аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 2 адам, ал әкімшілік жауапкершілікке 250 адам тартылды.

Арысланбек Баяндинов, Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңға сәйкес күзет аймағының маңында аң аулауға тыйым салынады.

Егер өткен жылы қадағалау актісі бойынша тиісті емес пайдаланушылармен балық шаруашылығын жүргізуге арналған 17 шарт бұзылған болса. Ағымдағы жылы прокурорлар аңшылық пайдаланушыға заңсыз берілген 1000 га жуық аңшылық алқаптарды босатты.

Арысланбек Баяндинов, Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Біз 2014 жылы табиғат пайдаланушыға осы жер учаскелері берілгенін анықтадық. Ол аң аулауды ұйымдастырды. Бұл заңсыз болды және Біз шаралар қабылдадық. Қазіргі уақытта осы пайдаланушымен шарттар бұзылды.

Тек аңшылық маусымы кезінде осы жылдың басында сәуірден мамырға дейін уәкілетті және құқық қорғау органдары браконьерліктің 18 фактісін тіркеді. Жалпы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды қадағалау прокурорлардың тұрақты бақылауында.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко