Pavlodar Hackathon Fest
«Қала жаңалықтары» айдарында облыс орталығында өтіп жатқан маңызды оқиғалар туралы хабарлаймыз. 28 қазан мен 2 қараша аралығында Павлодар қаласының әкімдігі i-Global компаниясымен бірлесіп, Pavlodar Hackathon Fest атты ауқымды іс-шара өткізеді. Айти саласының мамандары бас қосатын фестивальде қатысушылар жасанды интеллект көмегімен қаланың өзекті мәселелеріне шешім іздейді.
Павлодар облысы әкімінің қолдауымен қала дамуына заманауи технологиялар көптеп енгізіліп, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Павлодардың инженерия мектебі, белсенді ақпараттық технологиялар қауымдастығы баршасына танымал. 28 қазан мен 2 қараша аралығында қала әкімдігі i-Global компаниясымен бірлесіп, Pavlodar Hackathon Fest атты ауқымды іс-шарасын өткізеді. Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қаланың нақты мәселелеріне тың шешімдер ұсынады. Шара жаңа идеялар, заманауи технологиялар және Павлодардың жарқын болашағы жолында ұйымдастырылуда. Ендеше, 28 қазан күні жастар бастамаларын дамыту орталығында кездесейік. Iglobal компаниясының парақшасына өтіп, парақша сипаттамасындағы сілтеме арқылы тіркеліңіз!