Негізгі Жаңалықтар «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының үміткерлері іріктелуде

«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының үміткерлері іріктелуде

Жастардың әлеуетін арттырып, жаңа бастамаларына қолдау көрсету маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Павлодар облысында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы ұйымдастырылады. Бұл жас буынның жетістіктерін танытып, тың идеялары мен шығармашылық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Биылғы қатысушылардың жұмыстары сарапқа салынды.


Үміткерлердің жұмыстарын бағалау үшін облыстық сараптамалық комиссияның отырысы өтті. Сарапшылар он номинация бойынша ұсынылған жобалар мен жетістіктерді қарастырып жатыр. Олар жастардың өз саласындағы белсенділігіне, жетістіктеріне және бастамаларына назар аударады. Биыл әр номинация бойынша екі жеңімпазды анықтау жоспарланған. Нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы

Әрине басты мақсат айтып кеткендей, жастардың дамуы үшін. Біздің елеміздің де болашағы жастар. Сондықтан жастарды қолдау, мемлекет тарапынан басты назарда маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Комиссия құрамында облысымыздың елге танымал, өз саласында үлес қосып жүрген ардагерлер, басшылар, қоғам белсенділері бар. Бүгінгі маңызды алаң осы жеңімпаздардың нәтижелерін таңдап, қорытынды марапттау рәсімі өтеді.

Сараптамалық комиссия құрамына әртүрлі салада еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар мен қоғам өкілдері енген. Олардың қатарында мәдениет, білім және қоғамдық даму салаларының өкілдері бар. Комиссия мүшелері жастардың жетістіктерін жан-жақты бағалап, ұсынылған жұмыстардың мазмұны мен маңызын ескереді.

Ермұрат Тілегенов, мәдениет саласының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Байқаудың бір номиациясы ол мәдениет. Мені шақырды. Қайткенімен өзім 40 жылдан астам осы салады жүрмін. Қарап жатырмыз жұмыстарын. Әлі қорытынды шағармадық. 14 номинант қатысып отыр. Соның ішінде назар аударатын қайда, қандай шараларға, байқауларға қатысты. Қандай жетістіктері бар. Тәуелсіздіктің өз дәрежесіндегі жұмыстарына, оқуларына, деңгейіне қараймыз. Өз бағамызды береміз.

Байқау жеңімпаздарына 500 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталады. Бұл қолдау жастардың жаңа жобаларын жүзеге асыруына және өз бағытында одан әрі дамуына мүмкіндік береді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі алдағы уақытта өтеді.


Сабина Жолдаспаева





Бөлісу