Железин ауданының тағылымды мұражайы
Железин ауданында тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған тарихи-өлкетану музейі бар. Ғасырдан астам тарихы бар ғимарат бүгінде өңірдің өткенімен таныстыратын мәдени орынға айналған. Мұнда археологиялық олжалардан бастап, ежелгі жануарлардың сүйек қалдықтарына дейін кездеседі.
Железин ауданындағы тарихи-өлкетану музейі орналасқан ғимарат 1898 жылы салынған. Бүгінде мұнда өңірдің өткені мен мәдениетінен сыр шертетін 6354 экспонат сақтаулы.
Алтын Каримова, Железин ауданының тарихи өлкетану музейінің директоры
Бізде 4 залымыз бар. Ол археология этнография залы…экскурсия өткіземіз
Музей қорындағы ерекше жәдігерлердің қатарында аудан аумағынан табылған мамонт пен бизон сүйектері бар. Бұл олжалар Ертіс өңірінің ежелгі жануарлар дүниесін зерттеуде маңызды дерек саналады.
Дмитрий Сницарь, археолог
Мамонттың азулары ХХ ғасырдың 50-жылдары табылған. Ал мына сүйек қалдықтары ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында табылған. Жалпы, Железин ауданында мамонт фаунасының болғаны туралы алғашқы деректер неміс ғалымы Петр Симон Паллас еңбектерінде кездеседі.
Айта кету керек, Павлодардағы өлкетану музейінде орналасқан мамонттың қаңқасын осыдан 96 жыл бұрын Железин ауданынан тапқан деген болжам бар.
Байтұрсын Жұмабай