Негізгі Жаңалықтар Прокуратурада ашық есік күні өтті

Прокуратурада ашық есік күні өтті

Адамдар алаяқтықтықтың құрбаны болып қана қоймай, қылмыстық схемаға қатысушы болып кетуі де мүмкін. Павлодар қаласының прокуратурасында өткен Ашық есік күнінде мектеп оқушылары мен студенттерге осы мәселе кеңінен түсіндірілді. Жастарға оңай табыс табуға уәде берудің қаншалықты қауіпті екені түсіндіріліп, құқық қорғау қызметтерінің жұмысы таныстырылды. Шараға полиция мен төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары да қатысып, өз қызметтері туралы айтып берді. Кездесу «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өтті.


Алдымен мектеп оқушылары мен студенттерге қызметтік көліктер, арнайы жабдықтар мен қару-жарақ көрсетіліп, полицейлердің, құтқарушылардың, тергеушілер мен прокурорлардың міндеттері туралы баяндалды. Қызметтік иттің қырағылығы мен сақтығы жиналғандардың таңдайын қақтырды. 

Асыл Есентұр, Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры

Павлодар қаласының прокуратурасының бастамасымен Павлодар облысының Полиция департаментімен, Төтенше жағдайлар басқармасымен, қалалық әкімдікпен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп іс-шара өткізілуде. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін дамыту. 

Кездесуде жастарды алаяқтық схемаларға тарту тәсілдері де талқыланды. Интернетте оңай табыс табуды ұсынатындар көп. Ал, ұсныстың шынайы мәні жасырын қалады. Прокурорлар осындай ұсыныстарға келісу ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Азат Шахманов, Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры

Алаяқтық әлі де жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өкінішке қарай, тез табыс тапқысы келетін, оңай жолмен ақша тапқысы келетін жастар алаяқтарға сеніп, олардың арбауына жиі түсіп жатады. 00:50 + 01:00 Көбіне жастар мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік бар екенін түсінбейді. Жай ғана ескертумен құтылуға болады деп ойлап, заңсыз әрекеттерге араласады. Алайда мұндай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға дейін, ал Қылмыстық кодекстің 232-1-бабында көзделген дропперлік үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын да қоюға мүмкіндік алды. Ал кездесуден кейін мектеп оқушылары мен студенттер қандай жаңа ақпарат алғандарын және ненің ерекше қызығушылық тудырғанын айтып берді.

Варвара Шабанова, студент

Бізге судағы адамдарды қалай құтқаратыны туралы өте қызықты етіп түсіндірді. Бұл шынымен де қызық екен. Балалар өз жұмыстарын өте жақсы атқарады екен, бізге қатты ұнады. Біз де адамдарды құтқаруды үйреніп жүрміз. Өйткені біз фельдшер мамандығында оқимыз, төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындаламыз. 

Нестор Неофиди, студент

Маған кинологтардың жұмысы ұнады. Ақша аударымдары туралы ақпарат көңілге қонымды. 00:48 + 00:57 Бұл – қазіргі кездегі өзекті мәселе. Мұны бізге, шамасы, үлкен буын өкілдеріне де ақпарат жеткізсін деген мақсатпен түсіндірген болар. Өйткені біз жастар көп нәрсені білеміз, мұндай айла-шарғыларға алданбаймыз. Ал ересектер, соның ішінде әжелеріміз бен аталарымыз, әлі де осындай алаяқтардың арбауына түсіп жатады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастарды құқық қорғау және құтқару қызметтерінің жұмысымен таныстыру ғана емес, сонымен қатар қауіп-қатерді дер кезінде анықтауға, өз құқықтарын білуге және әрбір әрекеті үшін жауапкершілік бар екенін түсінуге үйрету. Мұның бәрі құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.




Бөлісу