Ұлттық өнерді ұлықтаған ұстаз
Халқымыздың мәдени мұраларының бірі – қолөнер. Бұл кәсіпті жалғастырып жүрген шеберлер Железин ауданында да баршылық. Олардың бірімен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты.
Қолөнер саласында он жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Әсел Сәденова ұлттық нақыштағы әсем оюлармен көмкерілген киімдерді тігуді кәжекейден бастаған, кейін балаларға арналған киімдерді де қолға алған. Бірнеше жыл бұрын Железин ауданына көшіп келген ол сүйікті кәсібін осында да жалғастырып келеді.
Әсел Сәденова, қолөнер шебері
Мен – Железин ауданының келінімін. Жолдасым – осы жақтан. Екі жыл бұрын Астанадан осы жаққа көшіп келдік бағдарламамен. Өзіме ұнап жатыр ауылда тұрған. Басында мен осында көшкенде, мен ойладым онша керек емес шығар деп. Бірақ Наурыз кезінде көзім жетті, қазіргі қазақша костюмдер жетпейді екен. Енді соны қолға алам ба деп жүрмін. Сол ойда.
Мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін кейіпкеріміз бүгінде бұл өнердің қыр-сырын шәкірттеріне үйретуде. Ол ұстаздық қызметін қолөнер кәсібімен ұштастырып, ісін дамытып келеді.
Әсел Сәденова, қолөнер шебері
Мен 2025 жылы «Бастау» грант арқылы қазір бұрынғы кесте тігу машинасымен істейтінбіз оюларды … тез және қолжетімді бағада шығады.
Шебердің қолынан шыққан бұл ұлттық бұйымдар мен киімдер көпшіліктің назарын аударып, жоғары сұранысқа ие болып отыр.
Жұлдыз Қабылденова