Негізгі Жаңалықтар Панфилов ауылындағы жас домбырашылар

Панфилов ауылындағы жас домбырашылар

Облыс орталығынан алыста орналасқан елді мекендердің бірі Панфилов ауылының балалары қазақтың ұлттық музыка аспабын жастайынан меңгеруде. Ауылдағы білім ордасында домбыра үйірмесінің құрылғанына 20 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде көптеген талантты жастар қабілетін шыңдап келеді.


Үйірме үні күн сайын білім ордасының қабырғасын жаңғырып, домбыра дауысын құлаққа сіңіреді. Жыл сайын ауылдың талапты оқушылары домбыра үйренсем деп талпынады.


Алдымен жеңіл әндерден бастап, құрылымы күрделі шығармаларға біртіндеп ауысады. Балалардың талабы зор. Алғашқы қағыстан бастап өздерін таныта білген дарындар болашақта домбыра өнерінің шеберіне айналары сөзсіз.


Үйірме қатысушылары көптеген жарыстарға қатысып, нәтиже көрсетіп жүр.

Әсем әуендерді шерткен оқушылар болашақта өнер әлемінің жұлдызы болғысы келетіндіктерін айтады.

Бөлісу