Екібастұзда "Санлин" балалар футбол мектебінің филиалы 4 жылдан астам жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оның тәрбиеленушілері облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Әлия Шегебаева, «Санлин» балалар футбол мектебінің жетекшісі:

Бізде 5-17 жас аралығындағы балалар футболмен айналысады. Осы жылдан бастап тамыз айында біз мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмс істеп келе жатырмыз. Бұл мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша, яғни балалар тегін жаттығуға мүмкіндік ала алады. Ата-аналар үшін бұл үлкен көмек.

Қазір мұнда 200-ден астам бала спортпен айналысады. Кәсіби футболшы болуды армандайтын Әділхан Аманжол екінші жыл қатарынан осында келеді.

Әділхан Аманжол, футболшы:

Біз бірінші жүгіреміз. Сосын жаттығу жасаймыз. Содан кейін бөлініп, футбол ойнаймыз.

Алға қойылған мақсат болса, оған міндетті түрде жетуге болды. Бұл жас спортшылар кәсіби деңгейде футболшы болатынына сенім білдіреміз.

 

Аяулым Рахымжанова