Май ауданындағы су тазарту сатансасының жұмысын одан әрмен жақсарту керек. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі алдымен Нұра топтық су құбыры «Ертіс» филиалының су тазарту станциясын қарап шықты. Аталмыш су құбырының ұзындығы 150 шақырымға жуық. 15 ауылды таза ауыз сумен қамтып отыр. Бұдан бөлек, Әбілқайыр Сқақов Май ауданының Саты және Ақшиман ауылдарында болып, ондағы білім ордаларының, жол жөндеу жұмыстарымен танысты.
 
Нұра су құбырлары жүйесінің Май ауданындағы «Ертіс» филиалы Баскөл ауылынан басталады. 10 мыңға жуық халықтың ауыз сумен қамтылуына мүмкіндік береді. Алайда аудан тұрғындары тарапынан аталмыш су құбырының тазалау стансасына қатысты шағымдары оқтын-оқтын естіліп қалады. Сондықтан, стансаның технологиясын арттырып, жұмыс сапасын жақсарту керек. Ол үшін тұшшы су өңдейтін жобаны әзірлеу қажет.
 
Қызыл октябрь - ақшиман жолы келесі жылы аяқталады
Артынша облыс әкімі Саты ауылындағы жалпы орта білім беру мектебінің жұмысымен танысты. Жақында күрделі жөндеуден өткен мектепте балалардың бос уақытын қамтуға арналған  шағын орталық та жұмыс істейді. Ал, Май ауданын аумағында іске асып жатқан ірі жобалардың бірі Қызыл Октябрь - Ақшиман тасжолының құрылысы келер жылы аяқталады. Ұзындығы 95 шақырымдық жолдың 45 шақырымы биыл мәресіне жетпек. Аталмыш жол Баянауыл мен Май ауданы арасындағы жолды 300 шақырымға қысқартады.
Артынша облыс әкімі Ақшиман ауылдық жалпы орта білім беру мектебіне бас сұқты. Білім ордасы жақында жөндеуден өткен. Оған 90 млн теңге жұмсалыпты. Қазіргі уақытта 49 бала білім алып жатыр.
Ақшиман – тарихи мекен. Қалмаққырылған тауының бөктеріндегі ауыл талай сырын жасырып жатқаны анық дейді тұрғындар. Осыған орай қазақ халқының тарихындағы ең ірі оқиға қалмаққырылған оқиғасына қатысты қандайда бір мәдени нысан қажет екендігін өңір ақсақалдары облыс әкіміне жеткізді. Артынша, аймақ басшысы аудандағы ат спортының даму қарқынымен де танысты. 
 
Жанасыл Серікбол