Парламент президент өкілеттілігін жеті жылға ұзарту нормасын қабылдады. Енді Ата заңымызға президенттің жеті жылдық мерзімі қайтадан енгізілді. Бірақ осы жолы бір рет қана сайлануға мүмкіндік бар. Ал, ең бастысы, одан кейінгі басшылар Конституцияның дәл осы нормасын өзгерте алмайды.

Биылғы сайлаудан кейін мемлекет басшысы жеті жыл жұмыс істеп, қызметінен кетуге міндетті. Суперпрезиденттік биліктен арылуға нүкте қоятын норма жеткен көрінеді. Елдегі бұл өзгерістер мемлекеттің  даму кезеңіне оң серпін береді деп сенеміз. 
Жарқынбек Амантайұлы, облыстық мәслихат депутаты:
Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, жалпы дамыған елдерде ары кетсе 2 рет сайланады. Көп елдерде 1 рет сайланады. 7 жылда кешенді жұмыстарды іске асыруға болады. Ол дұрыс деп ойлаймын. Бір президенттің қайта қайта сайлауға түсетіні неге әкелетін оны көзіміз көрді, оны жасыратын ештеңе емес. 
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойғаны мәлім. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді. Осылайша елорадамыз бұрынғы атауына ие болды. 
Тұрғындардың пікірімен облыстық мәслихат депутаты Жарқынбек Амантайұлы да келіседі.  
Жарқынбек Амантайұлы, облыстық мәслихат депутаты:
Бұл Астана қаласы брендке айнала бастаған уақытта Нұр-Сұлтан қаласына ауысты. Айтулы еңбекті жоққа шығармаймын. Алайда жаңағы Астана атауының қайтарылуы. Бұл халықтың сұранысы. Астана деп аталуына біз куәміз. 
Еске салайық, 2019 жылы елордамыз Астананың атауы Нұрсұлтанға ауысқан еді, енді міне араға 3 жыл салып қайта Астана атауы берілді.  
 
Самал Қалиқызы