Енді Павлодар облысында жазғы олимпада жүлдесі бар. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2012-жылғы Лондон олимпиадасының қола медалі жерлесіміз Дәулет Шабанбайға берілді. Даңқты балуанмен желестері арнайы кездесіп, қуанышына ортақтасты.
Олимпиада жүлдесінің салтанатты табысталу рәсімі Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен өткен әлем чемпионаты барысында өтті. Бүгін көптен күткен медаль Павлодарға да жетті.
Дәулет Шабанбай, Лондон - 2012 жазғы олимпиадасының жүлдегері:
Бұл тек менің ғана жеңісім емес. Бұнда бүкіл халықтың маңдай тері жатыр. Ата-анамның, бауырларымның, достарымның еңбегі. Бапкерлерім қаша тер төкті. Сондықтан, бұл менің ғана медльім емес.
Дәулеттің олимпиада жүлдесі үшін қалай тер төккенін алғашқы бапкері былай айтады.
Оразалы Мұхамедалинов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
Мен мұнда келгенде 97-жылы интернат ашып 8 баламен келгем, соның ішінде Дәулет бар. Құдайға шүкір олимпиада жүлдесі келіп, қуаныштымыз.
Жұртшылық даңқты балуандарын зор салтанатпен күтіп алып, емін-еркін әңгімелесті. Ардагерлер облыстың спорт шежіберсіне тоқталды.
Ермат Байғұрманов, спорт ардагері:
Үлкендердің барлығының ауызындағы сөз дәулет біздің батымыз. Бейбіт заманның батыры. Жастарға үлгі болады деп есептейміз. Ол үшін көп еңбектену керек.
Дәулет Шабанбайдың әкесі Еркін Шабанбай да спортпен шұғылданып, Оразалы Мұхамедалиновтен тәлім алған.
Еркін Шабанбай, Дәулет Шабанбайдың әкесі:
Бізге ғана емес бүкіл елімізге жаңағы қола медаль келді. Еліміздің баласы деп ойлаймын өзім. Қуаныштымын. Ең бірінші аансына рахмет. Осындай бала әкелгеніне өміәрге. Тәрбиелегеніне.
Жиын барысында балуанға алғыс, жастарға ьиікке жету үшін қажырлы қайрат өажет екендігі айтылды.
Жанасыл Серікбол