Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында бірқатар салықтар мен тексерістерге мораторий енгізілді.  Алайда соған қарамастан банкротқа ұшырап жатқан ұйымдар баршылық. Тіпті өз-өзін қасақана банкрот жариялаған жағдайлар да жоқ емес. 

Қазіргі тұрақсыз экономикалық  жағдайда кәсіпорындардың берешекке батып, банкротқа ұшырауы жиілеп кетті. Осы ретте  кәсіпорынды сақтап қалу үшін қаржылық сауықтыру процедуралары жүргізіледі. Ол қайта құру, қайта құрылымдау жүйелері. Қазірдің өзінде өңір бойынша 300-ден астам кәсіпорын банкротқа ұшырау процедураларын бастан кешіп жатыр. 
Роза Сейітбатталова, мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Бүгінде банкротқа ұшырау процедурасы жүргізіліп жатыр. Бұлар биыл ғана банкротқа ұшырағандар емес, істері өткен жылдардан бері жалғасып келе жатқандар да бар.
Сонымен қатар,  қасақана банкротқа ұшырау жағдайлары тіркеліп жатады. 2015 жылдан бері аталмыш белгілері бойынша 129 ұйым банкрот болып анықталды. Ал, биыл 10-ға жуық мекеме өзін осылай таныған. Сәйкесінше, материалдар экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.  
 
Самал Қалиқызы