Павлодар облысындағы қала сыртындағы автомобиль жолдарының қысқы күтіміне бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Жылдағыдай емес көлік саны да біршама көбейгенін айтып отыр. Тілшіміз тарқатсын.
Тиісті мекеме мәліметінше, биылғы жылы 24 мердігер ұйым жолдардың қысқы дайындығымен айналысуда. Олар төрт кезең бойынша жұмыс атқарады.
Ақылбек Баяхметов, төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
Өткен жылдарды есепке ала отырып, біз қар басу қаупі жоғары 257 аумақты анықтадық. Ол аумақтардың жалпы ұзындығы шамамен 700 жүз шақырым. Ал, облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы 6 мың шақырымға жуық.
Қысқы кезеңле ең көп мәселе туатын жол аумағы бүгінде ақылы болып саналатын Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолы. Биылғы қысқа дәл осы аумаққа 30 бірлік техника тұраұқты түрде жұмылдырмақ. Өткен жылы осы жолдың бойында көліктер 14 рет іркілген екен. Ал, жытыту бекеттерінің де дайындығы жіті қадағалануда.
Ақылбек Баяхметов, төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
Биыл қосымша тағы бірнеше жылыту бекеттерін іске қосамыз. Мәселен, Қалқаман, Шідерді ауылдарындағы медициналық құтқару пункттерін осы мақсат жұмылдырамыз. Төтенше жағдайлар департаментінің бұдан өзге қосымша ныснандарын қосқанда 15 мың адам сиятын 190 жылыту бекеті жұмыс істейтін болады.
Жылыту бекеттерінен бөлек, щенділер қысықы құтқару жұмыстарына 1600 адам мен 400 техниканы сайлап отырғандарын да айтты.
Жанасыл Серікбол, Артур Поляков