«Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой толғауы», Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», Әбдіжамал Нұрпейісовтің «Соңғы парызы», Сағат Әшімбаевтың «Азаматтыққа адалдығы». «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында 6 ай көлемінде осы сынды 15 кітапты оқып, пікір жазу керек. Жоба ұлтты кітап оқуға тәрбиелеп қана қоймай, ынталандырады да. Тілшіміз айтсын.
2026 жылғы 16 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатта оқу мәдениетін дамыту мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Жарлықты іске асыру аясында республикалық деңгейде «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынды. Марафон 2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы сәуір аралығында қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Самал Сәменова, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары
Бірінші бағыт ол Жоба «Оқитын мектеп», «Оқитын колледж», «Оқитын университет», «Оқитын педагог», «Оқитын әулет», «Оқитын мемлекеттік қызметші» және «Оқитын зияткер» атты жеті бағытты қамтиды. Жобаға қатысудың басты шарты – ұсынылған тізімдегі 15 кітапты оқу. Тізімге қазақ әдебиетінің, әлем классикасының және қазіргі әдебиеттің 330 шығармасы енгізілген. Зияткерлік квиздер өткізіледі.
Марафонға қатысу тегін. Тіркелуге және жоба туралы reading-nation.kz ресми сайтынан толық ақпарат алуға болады. Оқитын кітаптар, Қасым-Жомарт Тоқавтың «Әке туралы ой толғауы», Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», Әбдіжамал Нұрпейісовтің «Соңғы парызы», Сағат Әшімбаевтың «Азаматтыққа адалдығы», Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революциясы», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Сайын Құттықадамның «Ұлтқа қызмет етуі» бар, бұдан бөлек «Көк мұхит стратегиясы», «21 ғасырға 21 сабақ», «Стратегиялық менеджмент», «Мемлекеттік саясат», «Көкмұнар», «Жүз жылдық жалғыздық», «Соғыс психологиясы», «Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі» кітаптары бар.
Шолпан Шахметова, жобалық кеңсе басшысы
Тіркеу әлі жүргізіліп жатыр. Тіркелу 27 қыркүйекке дейін жалғасады. 15 қыркүйектен пікірлер жаза беруге болады. Өз ойын жазу керек. Тренд әлі сақталып келе жатыр.
Облыс кітапханаларында қызығушылық клубтарының саны 346-ға жетеді. Оның 114-і балаларға арналған. Бұл өңір тұрғындарының, әсіресе балалар мен жастардың оқу мәдениетін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен, марафонда өңірлік кезеңнің жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға – 300 мың теңге беріледі. Финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Самал Қалиқызы