Негізгі Жаңалықтар Өңірдің электрмен жабдықталу тұрақтылығына 5,8 млрд теңге инвестиция салынуда

Өңірдің электрмен жабдықталу тұрақтылығына 5,8 млрд теңге инвестиция салынуда

«Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» өңірдің электрожүйелерін жаңартуға 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөледі. Бұншама қаржы қайда жұмсалады? Келесі сюжеттен көрейік.


Биыл энергетиктер тозығы жеткен электр желілерін жаңартып жатыр. Апаттардың алдын алып, тұрғындарды тұрақты әрі сенімді жарықпен қамтамасыз ету эолында жасалып жатқан қам. Қазір мамандар Павлодар қаласының шығыс бөлігінде жұмыс істеп жатыр. Бұл электр желісі 1000-нан астам тұтынушыны жарықпен қамтып отыр.

Алексей Толстых, «ПЭТК» Ақ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері

«Сейчас мы находимся на объекте... Қазір біз «Шығыс қалалық» қосалқы станциясының №11 фидеріне реконструкция жасап жатырмыз. Мұнда 10 киловольттық жоғары вольтты кабельді төселіп жатыр, бұл нысан бойынша жұмыс 70 пайызға орындалды. Желінің ұзындығы 5,9 шақырымды құрайды, бұл – әуе және кабельдік желілер бар аралас жүйе».

Бұл аумақтың жұмысы күрделі: желі жекеменшік үйлердің жанынан өтеді, ал оның қорғау аймағында басқа да нысандар орналасқан. Бұл өз кезегінде желіге қызмет көрсетуді қиындатып, әуе желісінің зақымдану қаупін арттырады. Осындай қиындықтарды жою үшін энергетиктер әуе желісін кабелдік жүйеге ауыстырып жатыр.

Алексей Толстых, «ПЭТК» Ақ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері

Бұл аумақ кей жерде қорғау аймақтарының бұзылуына, түрлі құрылыстар мен автобус аялдамаларының орналасуына байланысты біршама күрделі. Осындай қолайсыздықтардан құтылу үшін біз жаңарту жүргізіп жатырмыз, соның ішінде әуе желісін кабелдік желіге ауыстырудамыз.

Энергетиктер «Батыс қалалық» қосалқы станциясында да жұмыс істеуде. Мұндағы жарық Лесозавод ауданының тұтынушыларына беріледі. Жұмыстар Павлодар қаласының сыртында да жалғасуда. Мәселен, Баянауыл ауданында ұзындығы 15 шақырым 600 метр болатын әуе желісі қайта жаңартылып жатыр.

Алексей Толстых, «ПЭТК» Ақ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері

Инвестиция көлемін ұлғайту қажет. Қазақстанда энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл бағдарлама электрмен, сондай-ақ жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңартуға бағытталған. Келесі жылы Энергетикалық кешенді жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба арқылы 16 миллиард теңгеге іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы биыл энергетиктер 134 шақырым желі мен 45 бірлік жабдықты жаңартуды жоспарлап отыр. Кейін олардың қызмет ету мерзімі шамамен 30 жылды құрайды. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында мамандар трансформаторлық қосалқы станциялар мен монтер пункттерінің 15 ғимаратына реконструкция жүргізеді.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу