Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметтің сапасы қай деңгейде?

Мемлекеттік қызметтің сапасы қай деңгейде?

Павлодар облысы полиция департаментінде Мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер уақытылы тіркелмейді. 1000-нан астам факт тіркелді. Бұл көрсеткіш жалпы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қалай әсер етеді? Тілші сюжетінде. 


Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Павлодар облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелерін қарастырылды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің 2709 рет бұзылғаны анықталды. Оның 60 пайыздан астамы полиция бөлімшелеріне, тағы шамамен 36 пайызы жер қатынастары саласына тиесілі.

Назигүл Наскенова, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы

Мониторинг кезінде ең жиі кездесетін проблемалар – мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді уақытылы қабылдау. Мұндай 1467 факт анықталды. Бұл жалпы анықталған бұзушылықтардың жартысын құрайды. 1090 факт Павлодар облысының полиция департаменті мен оның аумақтық құрылымдарына келеді. Уақытылы қабылдау фактілері қалалық әкімдіктердің жер қатынастары бөлімдерінде тіркелді. 

Бұл ретте негізгі міндет — тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес. Ең бастысы — олардың себептерін анықтап, мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу. Сондықтан ішкі бақылау қызметтерінің жұмысына ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде осындай 28 қызмет жұмыс істейді. Біз олардың жұмысын күшейтуді, тәуекелге бағдарланған және профилактикалық тәсілге көшуді, азаматтардың өтініштері мен алдыңғы тексерулердің нәтижелерін ескеруді ұсынылады.

Анжела Виноградова, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы

Жұмыстар атқарылып жатса да, ішкі бақылау жүйесі әлі де жұмыс жасауды қажет етеді. Павлодар облысында 28 ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. 2026 жылдың басынан олармен 120 бақылау жұмыстары жүргізілді. Оның 93 жергілікті атқарушы органдармен жүргізілді. 392 бұзушылық анықталды. 385 ұсыныс берілді. 28 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жұмыстардың бәрі мемлекеттік қызметтің сапасына әсер етеді. Қазіргі уақытта ішкі бақылау мамандарына Баянауыл, Железин, Шарбақты аудандарында вакансиялар бар. 

Басты мақсат — мемлекеттік қызметтердің уақтылы, сапалы әрі заңнама талаптарына толық сәйкес көрсетілуін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сенімді қорғау.


Самал Қалиқызы



Бөлісу