Зиятты «Заң мен тәртіп»
«Шаңырақ» мәдениет орталығында «Заң мен тәртіп» идеолгиясына арналған зияткерлік ойын сайысы өттті. Оған облыстың мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Павлодар облысында 4 мыңнан астам мәдениет және өнер қызметкері бар. 512 мәдени нысанның есігі әркез ашық. Ал, «Заң мен тәртіп» қағидасы бәріне ортақ.
Тақырыптың зияткерлік ойынға 270 адам қатысты. Барлығы да қала және аудандардан келген мәдениет жәнен өнер қызметкерлері. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы қоғамға ұсынылғалы көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Бұл үрдістен өнер мамандары да шет қалужды жөн көрмеген.
Сұрақтар заң және құқық бағытында. Әр түрнлі жағдаяттарды заң аясында шешу үшін адамдар не істей алады? Қатысушылар бұл бағытта да ширап алды.
«Заң мен тәртіп» тек құқықтық сипат емес дейді ұйымдастырушылар. Ол алдымен адамның жеке юасының мәдениетінен өрбиді. Зиятты адам заңды да құрметтейді деген сеніммен осынау шараны ұйымдастыруды жөн көрген.