Павлодардағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.Полицияның құтқару қызметі  мен саперлар оқу мекемесін тексеріп шықты. Екі сағаттан астам жүргізілген іздеу шарасы кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмады. Қазір жалған хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр. 

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:
Көрсетілген мекенжайға шұғыл қызметкерлер жіберілді. 1048 оқушы мен 83 қызметкер эвакуацияланды. Оқиға орнында саперлар жұмыс істеп, оқу орны тексерілді. Жарлғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.