Елі мен жері үшін болған қиян кескі шайқастарда ерлік көрсеткен қазақ батырлары аз емес. Олардың көбінің аты ұмытылып кеткені, әдейі ұмыттырылғаны ақиқат. Осындай есімдері енді жаңғырып жатқан  ұлы дала қайраткерлерінің бірегейлері Өмірзақ және Өтен батырлар. Ағайынды қос батырға ескерткіш тас орнатылды. 
 
Өмірзақ пен Өтен батырлар 18-ғасырдың басында өмір сүрген, жоңғарларға қарсы азаттық соғыста Олжабай, Жасыбай батырлармен қатар жаумен айқасқан баһадүрлер. Сарыарқа жерін босатуда ерлік көрсеткен ағайынды қос батырдың жерленген жерін белгілі өлкетанушы Дәурен Аяшинов  анықтады.
Дәурен Аяшинов, өлкетанушы:
Мен көп коллекция 10 жыл болды жинағаным, ескі карталар Омбыда, Аламатыда басқа архивтарда. Сонда 1920 жылдар осы жерде жасалған топографические подробные съемкалар болған екі км жерлер ғой сонда осы зират көрсетілген Өмірзақ деп анық жазылған.
Дәурен Аяшиновтың  айтуынша  Ақкөл-Жайылма Өмірзақ батырдың жайлауы. Оған дәлел сол өлкеде бұл күнге дейін атауы сақталған Өмірзақ, Бәсентиін көлдері. Ұлтының намысын найзаның ұшымен қорғап, туын көтерген жаужүрек батырлардың жаумен шайқасуының өз әдістері болған.  
Төлеген Шаһарман, өлкетанушы:
Бұл кісі жекпе-жекте жеңілмеген дейді. Бұл кісінің өзінің әдіс-айласы болған ғой. Жекпе–жек шыққанда найзаны өңештен қадайды екен. Өңештен қадап алып өтеді. Салған бетте бұл кісі бұрап жібереді екен. шапшаңдығы сондай. Ол ем қолданбайды. Ал басқадай жағдайда емдер қолданып кетеді.
Ағайынды қос батырдың қорымы 19-ғасырың екінші жартысында ұзындығы 20, биіктігі 3 метр, төрт құлақты зират болып қайта салынған. Тарихи жәдігердің архитектурасы бұл күнге дейін сақталған. Есімін жаңғырып,  елмен қайта қауышқан батырлардың құрметіне ас беріліп, құран бағышталды. Дүбірлі той ұйымдастырылды. Елдің рухын көтерген игі шарада елден шыққан тұлғалар, жер тарихы айтылып, ұрпағы бабалар аруағына бас иді.
Берік Ескендіров, өлкетанушы:
Еңбек ауылында мешіт те болған Мұхамменд Садық деген қазірет атамыз да осы Бестау Алтыбай болысында қазірет атанып қажылыққа барған. Сәбит Дөнентаев сол кісінің қарамағында жұсмыс жасапты оны марқұм Жеңіс Тілекенің кітабында бар. Осы қойсарының деректері жазылған. 
Айта кету керек, дүбірлі тойға қазақ эстрадасының айтулы әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова алыстан ат арытып келіп,  ауылдағы ағайынды әуезді әндерімен әсерлі қуанышқа бөледі.
 
Гүлсара Мәлікова