«Ұшқан ұя», «Гулливердің саяхаты», «Көшпенділер.Алмас қылыш». Дәл осы кітаптар мен шығармаларды оқу бойынша павлодарлық оқушылар сынға түсті.   Әзірге балалар оқуының қалалық кезеңі өтті. Оған шаһардың мемлекеттік тілдегі барлық мектептен 100-ден астам оқушы қатысты. 

Әмина Хамитова қаламыздағы №20 мектеп лицейде оқиды. Болашақ мамандығын тілшілік, журналистика саласымен байланыстырғысы келеді. Сондықтан бүгіннен бастап қазақ және шетел әдебиетімен танысып, өз білімін толықтыруда. Ал осы оқуларға дайындық барысында «Ұшқан ұя», «Гулливердің саяхаты» кітаптарын оқыған. 
Әмина Хамитова, Ә.Бөкейхан атындағы  №20 мектеп лицейдің 7-сынып оқушысы:
Біз осы конкурсқа 2 аптадай дайындалдық. Бізге екі кітап берілді. Біреуі Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»  повесі, екіншісі «Гулливер». 
Бұл балалар оқулары Павлодарда  алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қалалық кезеңге шаһардағы 20-дан астам мектептің оқушылары қатысады. Оларға «Ертегілер әлемінде», «Кел балалар оқылық», «Ғасырлар тарихты жырлайды», «Ұлы дала жырлары» тақырыптары бөлініп берілді. Алдымен оқыған кітаптары бойынша тест орындаса, кейін эссе жазады.   
Ақмарал Мұхаметжанова, орталық басшысы:
Жазғы демалыс кезінде оқушыларға дайындалуға уақыт берілді. Әдебиет порталында әр жас ерекшелігіне байланысты оқушылар берілді. 3-10 сынып оқушылары қөатысты. 146 оқушы қатысып, отыр. Оған мемлекеттік және аралас мектептің оқушылары қатысып отыр. 
Қалалық кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар облыстық деңгейге дейін жетеді. Облыстық кезең қазан айында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.  
 
Самал Қалиқызы