Успен ауданы Тимирязево ауылында бюджеттің 951 мле теңгесіне жаңа жол төселді. Ал демеушілердің көмегімен спорт алаңы пайдалануға берілді. 
 
Ольгин ауылдық округіне қарасты  Тимирязево ауылында  "Анна" шаруақожалығының  демеушілік қолдауымен спорттық нысандар салынды.  Ауыл балалары енді волейбол, баскетбол, футбол және стрит воркаутта спортпен айналыса алады.   
Бұл игі іске ауыл халқы риза. Енді тұрғындар отбасылармен  бірге  бос уақытын осында өткізетінін айтады.  
Мұстафа Жұмабаев,  Тимирязево ауылының тұрғыны:
Былтыр осында көшіп келгем. Былтырдан осы ауылдың өсіп, өркендеуін көріп салынып жатқан спорт алаңы өте жақсы керемет болып отыр. Жастарға спортпен шұғылдануға өзіміз кешке таман отбасымызбен келіп, ар жаққа барып шұғалдынап нетеміз. 
Нысанның құны 19 млн теңге. Бұрын ауыл халқы  жергілікті мектептің спорт залында денесін шынықтыратын. Ауылдың бүгінгі көркі көз қуантады. 
 
27 шақырым жол жөнделеді
 
Сонымен қатар жергілікті тұрғындар үшін 1 жарым шақырымға жол төселді.  
Жақсылық Тембаев, Тимирязево ауылының тұрғыны:
Келгенде жол болған жоқ мында. Жауын кезінде түгелі жаман болды. Енді программмен биыл 1,5 шақырым істеді. Рахмет әкімге. Ауылда интернет бар, су бар. Связь бар осы жолды 25 жыл тостық. Ендігі жылы түгелін істеп береміз деді. Мемлектке рахмет. 
Жолды жөндеу жұмыстары биыл басталды. Негізгі жолдан Тимириязево ауылына дейін 27 шақырым. Қазіргі уақытта 1 шақырымнан аса жол салынды. Оның құны 50 млн теңге. 
Айнаш Жұматанова,  Ольгино ауылдық округінің әкімі:
Жол болса көп мәселе шешіледі. Мысалы бізде автобус ештеңе жоө бәрі таксимен жүреді. Соны ашуға біз дайын тұрмыз. Мүмкін жылдың басында біз ашамыз. Ауылдарға автобус. Ауданға баруға мысалы. Өте қиын баруға осы проекты ұтып алды казавтодоржол екі жылға тек қана күтеміз ендігі жылы. 
Қалған 26 шақырым жол екі жыл ішінде жөнделеді. Құны 951 млн теңге.  Келесі жылы жоспар бойынша ауылішілік жолдарға асафальт төселмек.  
 
Әйгерім Тоқпанқызы, Мурат Абилмажит