Сондай-ақ Успен ауданында жергілікті православие шіркеуінде 12 миллионнан астам теңгеге қоңырау мұнарасы салынды. Ол демеушілер қаржысына орнатылған. Қазір онда жеті қоңырау ілулі тұр. Жақын уақытта тағы қосымша екі үлкен қоңырау орнатылады. 
 
Қоңырау мұнарасы кез - келген шіркеуде  болуы керек. Ол сенушілерді дұға етуге шақырады", - дейді  шіркеудің діни қызметкері. Успен ауданының тұрғындары ғибадатханадағы жөндеу, құрылыс  жұмыстарының басталуын көп  күтті. Бюджет қаражаты жетіспеді. Демеушілер қаржылық  көмек көрсетті. 
Сергей Саламацкий, Успен ауылдық округінің әкімі: 
Өткен жылы  шаруалармен жиналып,  біздің шіркеуде қоңырау мұнарасы  болуы керек деп шештік. Өткен жылы шаруа қожалық иелері Ресей Федерациясынан жеті қоңырау сатып алды.
Қоңырауға 12 млн теңге жұмсалды. Қазір жексенбілік мектеп салу жоспарланып отыр.   Жоба 2016 жылы дайындалды. 
Виктор Демитриченко, протоиерей: 
Қазіргі уақытта сол маңайда барлық ағаштар кесілді. Жуырда құрылысы басталады. Асхана салу жоспарланып отырмыз.   Болашақта, егер мүмкіндік болса, біз еске алу асын өткізу  қызмет көрсетеміз.
Шіркеуге су құбыры тартылды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізіледі.   Жоба дайын, қайта жаңарту жұмысын келесі жылы басталуы тиіс. 
 
 Әйгерім Тоқпанқызы, Артур Поляков