Баянауыл – облыстың ең ірі аудандарының бірі. 18 мың шаршы шақырымды аумақты алып жатқан ауданның ауыл шаруашылығына үлесі мол. Сонымен қатар, маңызды тау-кен кәсіпорындардың да үлесі аз емес. Ал, туристік әлеуеті де елге белгілі. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов ауданға жұмыс сапарымен барып, атқаралып жатқан іс-шаралармен танысты.
 
Майқайың кенті іргелі елдімекен. Жуырда ғана 90 жылдығын атап өтті. Халық саны он мыңға жуықтайды. Облыс әкімі әуелі осындаға балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне бас сұқты. Бұнда қазір 871 баланы 18 бапкер әр түрлі спорт түрлеріне баптауда. 
Мектептің жетістігі көп. Облысты айтпағанның өзінде республикалық және халықаралық додаларда олжа салып жүрген жеткіншектер көптеп саналады. Мектеп басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған тек балаларды жарыстарға таситын автобус болса деген тілектерін жеткізді.
 
«Майқайың алтын» АҚ жұмысшылар санын көбейткен
Сонымен қатар облыс басшысы «Майқайың Алтын» кәсіпорынында болып, жұмыс барысымен танысты. Кәіпорын аумағындағы 100 пайыз өңдейтін цехта қазір жылына 720 мың кірпіш шығарылуда. 
Артынша аймақ басшысы комбинат жұмысшыларымен кездесіп, еңбектерінің елеулі екендігін атап өтті. Жалпы, бүгінде «Майқайың алтын» кен байыту комбинатында 900-ден астам адам жұмыс істейді. 
 
Баянауылда жаңа туристік жоба
Баянауыл елімізге де, алыс-жақын шетелге де туристік әлеуметімен танымал. Баршасына Жасыбай көлі белгілі. Енді ол қатарға Сабындыкөл де қосылмақ. Сауықтыру бағытындағы «Сабындыкөл Плаза» жобасы аясында келесі жылы 50 бөлмесі бар қонақ үй, 15 жеке демалыс үйі салынатын болады. Мұнда волейбол, футбол, балалар алаңы жұмыс істемек. Теннис пен биллиярд алаңын да ашу жоспарланған. 
Ауыларалық жолдар жөнделуде
Ал, биыл Баянауыл ауданында ауыларалық жолдарды жөндеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі Қарашат – Новая Жайма тас жолы. Бүгінде Жаңатілекке дейінгі 32 шақырымдық жол салу аяқталып, қолданысқа берілген. 
Жолы жөнделген Жаңатілек ауылы тұрғындарының әлі де айтары бар. Әрине, атқарылған жұмысқа алғыс деп бастаған ауыл ақсақалдары елдімекен үшін маңызды бірнеше мәселені көтерді. Соның бірі ауыл балаларына қажетті спорт ғимараты екіншісі, сосын ауылдың тарихи орындарын сақтау мәселесі, үшіншісі Мұрынтал бөлімшесі үшін аса маңызды көпір. 
Мұхамет-Қайыр Шәріпов, Баянауыл ауданының құрметті азаматы:
Мұрынтал бқлімшесінің ортасынан Қарағайлы бұлақ жарып өтеді. Ерте кездерде сол жерде көпір салынған. Бірақ, судың қаттылығынан қаңбақ сияқты ұшып кетті бір жылдары. Сол жерге бір-ақ пролет бір мост салып берсеңіздер екен деп тілеймін.
Облыс көтерілген әрбір сұрақтың мәселелердің маңызды екендігін атап өтті. Әрқайсыс тиісті талаптар мен заңнамалар негізінде шешуге болатындығын айтты. 
 
Жанасыл Серікбол