Қыс мезгілінде облыс аумағындағы жолдарды күтіп ұстауға 102 мердігер ұйым тартылып, 600-ге жуық техника сақадай сай. Оларға қажетті жанар-жағармай сатып алынған. Аталмыш мәселе аппарат жиынында талқыланды. 

Өңір аумағындағы жолдарды қысқы мезгілде күтіп ұстау жұмыстарына 102 мердігер жауапты. Биыл облыстағы жолдарды қыста қардан аршып, тазартуға 1 млрд 600 млн қаржы бөлінген.  Қажетті жанар жағармай мен инертті материалдар жеткілікті.
Ержан Салханов, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Облыстың елдімекендерінде көшелерді қысқы күтіп ұстауды 102 ұйым жүзеге асыратын болады. Осы мақсаттар үшін 583 бірлік мамандандырылған техника дайындалды. Ал, жиек қолмен жинау үшін 792 жұмыс жұмылдырылады. 26 мың тонна инертті материал дайындалды. Қалаларда көшелерді күтіп ұстау жұмыстарына 9 ұйым қатысады. Онда 387 арнайы техника, 482 қызметкер, 25 мың инерттік материал дайындалды. 
Коммуналдық қызметтің жұмысына көңілі толмаған тұрғындар жергілікті әкімдікке барып немесе 109 қызметіне жүгіне алады. Басқарма басшысының ақпарынша, өткен қыста 1500 ден аса шағым түскен. Басым бөлігі - Ақтоғай және Аққулы ауданында тіркелді. 
Ержан Салханов, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Тағы бір өткір мәселе - мердігерлермен келісімшарт жасау. Жыл сайын қалалар мен аудандардың әкімдіктері 31 желтоқсанға дейін қызмет көрсетуге бір жылдық келісімшарт жасайды. Ал, қаңтар-ақпан айларында тұрғындар уақытылы жүргізілмеген жұмыстарға шағымданады. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін және қысқы кезеңде Павлодар облысының көшелерін уақтылы және сапалы күтіп ұстау үшін әкімдіктер қызмет көрсететін ұйымдармен үш жыл мерзімге шарт жасасуы қажет.
Ертіс өңірінде жалпы ұзындығы 424 шақырымға жуық автожолдардың 160 қарлы учаскелері бақылауда. Астана-Ерментау-Шідерті тас жолының учаскесі ең проблемалы болып қала береді. 
Қанат Кашкиров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Ағымдағы жылы маңызы бар автомомбиль жолдарын күтіп ұстауға облыстық және аудандық бюджеттерден 1 млрд 600 млн теңге бөлінді. Соның ішіне 67 пайызы немесе 1 млрд теңгесі облыстық жолдарға және 572 млн аудандық жолдарға. Қыс кезінде қауіпсіз және үздіксіз жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма алты мердігермен шарттар жасалды.  Қалалар мен аудандар, Аққулы әкімдігін қоспағанда 18 ұйыммен шарттар жасалды. 
Биыл қалалар мен аудандардың әкімдіктері ұзындығы 2,8 мың шақырым аудандық маңызы бар жолдарды ұстауға 570 млн.теңге бөлді. Қаржыландыру нормативі жылына 1 шақырымға орта есеппен 1 млн. теңгені құрайды. Ал әкімдіктер жылына іс жүзінде 1 шақырымға 197 мың теңге бөледі.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Барлық әкімдер жаңадан 3 жылдық бюджетті ескере отырып, норматив бойынша соған сәйкес қаражатты ұйымдастыру қажет. Дегенмен қысқа мерзім ішінде жол жұмыстарын аяқтап, жабық тұрған жол учаскелерін ашып, осы жұмысты аяқтау керек. 
Сонымен қатар аппарат жиынында жолдағы қараусыз малдар мәселесі де көтерілді. Әбілқайыр Сқақов әкімдерге, сондай-ақ полиция департаментіне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Аяулым Рахымжанова