Тұрғындар қарашаның соңы, желтоқсанның басы деп соғым қамына кіріседі. Ауылдағы ағайын жаздай өрісте өрген тұяқтысын сойса, қаладағылар базар аралай бастайды. Бірақ базардағы ет бағасы күн суыта шарықтап кететіні бар. Бұған жем-шөптің қымбаттауы себеп. Жалпы, қазіргі ахуал қандай? Әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бұл түрі базар сөрелерінде қандай бағамен саудалануда?
Светлана Маненок, сатушы:
Әрине, қыста бағасы көтеріледі. 2000-ға дейін көтеріледі закупочный. Қаншама сүйек шығып жатыр. Біз сүйекті салмаймыз, қыстырмаймыз. Жұмсақ еттің бағасын ұстаймыз. Төс-қабырға сол бір бағамен кетеді.