Қала әкімі қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады
Павлодардағы маңызды оқиғалар туралы «Қала жаңалықтары» айдарына кезек берейік. Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков көппәтерлі үйлердің бірінің тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында аула ішінде көліктердің тынымсыз жүруі, жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығы, автотұрақтың қажет екені сияқты мәселелер қозғалып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін шағын футбол алаңын салып беру туралы өтініш айтылды..
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Жарайды, мамандар тексеру жүргізсін. Абылқасым Бейсенұлы, осы мәселені назарға алыңыздар. Егер инженерлік коммуникация жүйелері өтетін орындардан тыс, бос жер болса, келесі жылдың жоспарына енгізейік.
Ал көлік жолын толығымен жауып тастауға рде болмайды. Өйткені төтенше жағдайлар мен полиция талаптары бойынша өткелдердің ашық болуы шарт. Мәселен, өрт шыққан жағдайда, арнайы техника артқа шегінбей, ауладан шыға алуы керек. Дегенмен бұл түйінді шешу үшін біз келесі жылы көлік шығар жолды логикалық тұрғыдан дұрыс аяқтаймыз. Сонда жүргізушілер бұл ауланы пайдаланбайды.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Жол жүргізгенде, автотұрақ та ұйымдастырамыз. Өздеріңіз сұрағандай, тротуар да салып береміз.