Халыққа сапалы қызмет көрсету қажет. Қазақстанның жол полициясы күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деді. Алдымен министр патрульдік көліктерге қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты.


Патрулдік полиция көлік жуу, жанармай құю сынды тағысын тағы жұмыстарға бас ауыртпауы қажет. Оның бар жұмысы - ел тұрғындарының қауіпсіздігі. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бүгінде полицейлерге қойылатын талап күшейді дейді. Сол себепті олар өзге шаруалар мен қағазбастылықтан құтылады. Павлодарда патрульдік көліктерді жуып, жөндеп беретін орталық жаңартылды. Автошаруашылық 40 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Бұған бюджет қаржысын тиімді үнемдеу негізінде бір тиын ақша жұмсалған жоқ деді министр.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Халыққа сапалы қызмет жасау қажет. Ал, сапалы қызмет жасау үшін олардың бүкіл жағдайы болуы керек. Көлігі дұрыс болу керек, таза болу керек, жанармайы толық болуы керек. Бұрынғы кезде машинасын қай жерге барып жуу керек? Оның өзі бір-екі сағат уақыт алады. Енді кілтін тапсырады, көліктің қандай ақауылары барын жазып кетеді. Халық сезсін осындай өзгерістер бар екенін. Осы үшін жасалып жатыр.

Бұл станцияға бөтен көліктер кіре алмайды, бөгде машина кірген жағдайда дабыл қызметі іске қосылады. Толығымен бейнебақылау жүйесі жүргізілген.

Серікбай Елемесов, ПД автокөлік шаруашылығының бастығы:

Осы уақытта автошаруашылығымызда күрделі жұмыстар өткізіліп, жаңадан көтергілер сатып алынды. Тәулігіне 40-50 қабылдап, жөндеп отырамыз. Яғни, бұл көліктің жағдайына байланысты ақауларды жөндейді.

Автокөлік шаруашылығын аралап шыққан министр полицейлерге бар жағдай жасалып жатыр, бүгінде құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жағдайына баса мән беріліп отыр дейді.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Жалпы, республика бойынша өз еркімен жұмыстан кету көрсеткіші 37 пайызға азайды. Үш есе жұмысқа тұрамын деген адамдар көбейді. Бүгінгі таңда білікті, білімді, адамгершілігі мол адамдарды тарту қажет. Осындай азаматтарға жол ашық.

Министрдің ақпарынша, Павлодар облысында есірткі тасымалдау, интернет алаяқтық азаймай тұр. Әсіресі бұл қылмыстар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында тіркеледі.


Аяулым Рахымжанова