Павлодарда өрттен зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Ломов көшесі, 150 мекенжайындағы үйден өрт шығып, күйік шалған ерлі-зайыптылар бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Тілсіз жау өткен түні қаладағы төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан. Жалпы аумағы 45 шаршы метр аумақ жанған. Бригада келгенге дейін он адам сыртқа шығарылған.


Марат Қанжығалин, №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі:

1986 жылғы ер адамның мойны мен денесін, тыныс алу жолдарын екінші-үшінші дәрежелі күйік шалған. Денесінің 63 пайызы зақымдалған. 1995 жылғы әйелдің беті мен денесін бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік шалған. Науқастарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


Аяулым Рахымжанова