Биыл Григорий Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музйіне 80 жыл. Осыған орай Павлодарда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген сала қызметкерлері мен ғалымдар, зерттеушілер қатысты.


Шара әйгілі ғалым, алашорда ақсақалы атанған Потанин мен жасынан жұлдыздай жарқ еткен ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Екі ғалымның ескеркіші халықтар арасындағы достықтың кешегі де бүгінгі де нышаны.

Ал, Облыстық тарихи-өлкетану музейі елімізге белгілі тарихи әрі мәдени нысан. Бүгінде музей қорында 105 мыңнан астам негізгі қорға жататын экспонаттар бар.

Гүлнар Нұрахметова, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары:

Он зал бар. Оның ішінде 4 бөлім. Сондай жұмыстар жасалып жатыр музейде.

Майра атындағы ән өнері музейі, Багаев музей үйі, Әскери даңқ мұражайы, Екібастұз және Ақсу қаларындағы тарихи-өлкетану музейлері: барлығы өңіріміздің тарихын зерттеп, көпшілікке ұсынуда. Айрықша нәтижелерге жетіп, бүгінде ғалымдардың ерекше назарын аударуда.

Сәуле Мамытова, тарих ғылымдарының докторы:

Мына мұражайының тәжірибесі қызықты материалдары өте көп. Үлкен ғылыми орталық деп айтуға да болады.

Шараға еліміздің әр аймағынан музей қызметкерлері қатысты. Барлығының да Ертіс өңірімен ғылыми-танымдық байланыстары терең.

Назима Оташева, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

Өзара көрме алмасу, басқа да осындай шығармашылық байланыстарымыз жақсы орынға қойылған. Мерейлі мерекемен құттықтаймын.

Музей елдің мәдениетін, өткенін сақтайтын қасиетті орын. Қадым замандардың, өткен уақыттардың рухы тек музей төрінде сақталады.

Шара аясында бірқатар музей қызметкерлері облыс әкімдігінің, сонымен қатар ҚР мәдениет және спорт министрлігінің марапатына ие болды.


Жанасыл Серікбол