Павлодар облысында сайлау күні 14 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде бес қыз бар. Ең ірі нәресте ұл баланың салмағы 4 214 грамм болды. Ең кішісінің салмағы - 2 883 грамм. Босанған әйелдердің басым бөлігі алғаш рет ана атанған.


Айсұлу мен Дархан алғаш рет ата-ана атанып, ұлды болды. Есімін Имран деп қойды. Жомарт та, батыл деген мағынаны береді. Нәрестені жарқын болашақ күтіп тұрғаны сөзсіз.

Дархан Теңізов, жас әке:

Әуелі жұбайыма алғыс айтқым келеді. Бұл күн мен үшін атаулы, бақытты күнім ретінде есте қалады. Бұл күн Президент сайлауынмен қатар келді. Болашақта балам табыстарға жетіп, президент болады деген үміттемін.

Гүлмира Теңізова, нәрестенің әжесі:

20-қараша күні алғаш рет әже атандым. Тұңғыш немереміз өміге келді. Немеремнің туған күні Президенттің сайланған күнімен тұспа-тұс келді. Өте қуаныштымын. Аман-есен өсіп, болашағы Қазақстан сияқты жарқын болсын дегені тілегімді білдіремін.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 сәби өмірге келген. Оның алтауы егіз болса, 328-і ұл және 306-сы қыз бала.


Аяулым Рахымжанова, Евгения Мягченко