Биылғы сайлау өзіндік ерекшелікке толы. Әрі мерекелік сипаты басым болды. Енді елдегі қазіргі саяси-экономикалық реформалар, әділетті қазақстан құру жолындағы өзгерістер әрмен қарай жалғасады.


Жарқынбек Амантайұлы, облыстық мәслихаттың депутаты:

Бұрынғының сарқыншағы болған жоқ. Ондайды көрген жоқпыз. Сайлау әділетті өтті дегенге мен сенемін. Әрине, пайыздық қорытындыны қарап отырсақ, 5 пайыздан астам халықтың түгел кандидаттарға қарсымын деп жауап беруінің өзі демократияның орын тауып отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан өзінің ойын айтатын заманға келдік. Халық бір өз ниетімін барды. Бір кудалаумен, бір тапсырмамен бармағаны анық көрінді. Әрине, кейбір өңірлер төмен көрсеткіш көрсетіп жатыр. Бұл да заңды. Оны да қабылдауымыз керек.

Данияр Жұмаділ, қоғам белсендісі:

Енді биылғы сайлау Қазақстан үшін тарихи тұрғыдан маңызды болды. Елімізде қанша қиын кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ саған қарамастан, алға қарай жоспар жасап келеміз. Сол жоспардың орындалу жолында бұл саяси үлкен бір маңызды дүние болды. Шыны керек, қазір халық оянған. Барлық саяси өзгерістерден хабардар. Халықтың барлығы жақсылыққа үмітті. Мәселлер бар, жоқ емес. Осы мәселелерді шешу үшін жұртшылықтың бел шеше кірісуі аса маңызды. Бір Президенттің қолынан ештңе келмейді. Артынан миллиондап халық қолдаса, әрқайсымыз үйде отырып алып сынамай, сол бастамалардың жүзеге асуына қолдау көрсетсек, меніңше Қазақстан жақсы дамыйды. Біз осыған үміттміз, Біз осыны күтеміз.