Қазіргі уақытта елімізге көшіп келушілер қатары артты. Оның ішінде әсіресе, еңбек мигранттары көп. Егер бұрын жұмыс істеуге рұқсат құжатты көші қон полициясы мен халыққа қызмет көрсету орталығы берсе, енді биылдан бұл анықтаманы жергілікті басқару органы да ұсынады.


Көктем мезгілінен бастап Павлодар өңіріне келген 2525 адам еңбек етуге рұқсат алды. Бұл үрдісті енді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүргізе бастады. Бастапқыда шет ел азаматы көші қон полицияда тіркеледі. Одан кейін жұмыс істеуге ниетті өтінішін халыққа қызмет көрсету орталығына өткізетін. Бүгінгі өткен басқосуда бұл жүйені оңтайландыру мәселесі қаралды.

Нұрлан Әшімов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Келген адамдар рұқсат алу үшін ЦОНға барады. Сол жерде өтініш жазады. Сосын медициналық анықтама береді. 25 формасы. Сосын жұмыс берушімен келісім шарт әкеледі. Және сосын олар налог төлейді. Жарты жыл болса 2 МРП6 айдан болса онда 4 МРП төленеді.

Ел аумағында заңды түрде еңбек етуге рұқсат құжатын алған мигранттар көрсетілген шартқа сәйкес 1-2 ай жұмыс істей алады. Одан кейін тағы тиісті құжаттарын бұл мекемелерге өткізеді.

Сабыржан Ысқақов, жеке кәсіпкер:

ХҚКО қызметкері құжатты қабылдайды, алайда құжаттары толық болмаса, жергілікті атқарушы билік өткізбей қояды. Нәтижесінде 5 күннен артық болса біз жұмыс берушіге көші-қон полициясы бірден айыппұл салады. Әрине, бұл менің қатегілім емес, неге мен айыппұл төлеуім керек.

Құзырлы мекеме өкілдері жұмыс берушілермен бірлесе отырып аталмыш мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға уағдаласты.


Әйгерім Тоқпанқызы