Екібастұз қаласында 1993 жылы салынған №24 мектеп гимназиясы алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Наурыз айында басталған жұмыс уақытында аяқталды. Шәкірттері жаңа оқу жылын жаңартылған мектеп ғимаратта қарсы алды.


Білім ордасы «Заманауи мектеп» бағдарламасы арқасында күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 624 млн теңге бөлінді. Іргетасы 1993 жылы қалаған білім ошағында 1000-нан аса оқушы білім алады.

Сәуле Жүнісова, оқу ісінің меңгерушісі:

Осы күрделі ремонтқа 624 млн жұмсалды. Соның ішіне кіретін мектеп ғимараты ішкі мен сыртқы күрделі ремонт жасалды. жылу жүйесі ауыстырылды.

Білім беру мекемесін жаңарту жұмыстары наурыз айында басталған. Ішкі әрлеу және жөндеу жұмыстарымен қатар, канализация, жылу, су құбырлары толығымен ауыстырылды. Білім ошағында жарық, жылы, заманға сай кабинеттер жасалған.

Айнель Нұрмұхамбетова, 5 сынып оқушысы:

Мен мында 1 сыныптан оқимын. Мына мектеп өте әдемі. Ремонтттары бәрі күшті. Маған бұл мектеп ұнайды. Және менің сыныптастарыма ұнайды.

Онымен қоса, электр желілері де жаңартылды. Арнайы комиссия мүшелері білім нысанын қатаң тексерістен кейін қабылдаған.


Әйгерім Тоқпанқызы