Павлодар камералық хорына 20 жыл. Мерейтойға орай қалалық мәдениет сарайында үлкен мерекелік кеш өтті. Көрермендер үшін би және қойылыммен сүйемелденген 24 ән орыналды.


Музыкалық кеш «The Best» атауымен өтті. Бұл кездейсоқ емес. Хор жетекшісінің айтуынша, концертте ұжымның репертуарындағы ең таңдаулы туындылар айтылды. Бұл шараға Астана мен Мәскеуден арнайы қонақтар шақырылды.

Бағлан Тойбеков, хор әртісі:

Камералық хор ұжымы бүгін біраз шығармаларды орындаймыз. Соның ішінде ең басында ашатынымыз «Сүгірдің термесі». Сол термемен ашатын боламыз. Сол термеде мен Алла қаласа домбыра аспабында ойнайтын боламын.

Хор құрамында барлығы 30 өнерпаз бар. Ұжымның негізін қалаушы-Мәдина Жармұхамбетова. Жақында ол хорды басқару тізгінін шәкіртіне берді. Жаңа, әрі жас көзқарас қажет болды, дейді хормейстер. Қойылымның басында Мадина Қайырбекқызы лайықты марапатқа ие болды.

Мәдина Жармұхамбетова, камералық хордың негізін қалаушы:

Бірінші дайындығымыз 2002 жылдың 19 қарашасында өткен еді. Ал сахнаға ең алғаш 2003 жылдың 15 қаңтарында шықтық. Облысымыздың 65-жылдық мерейтойы өтіп жатқан кез еді. Сол кезде көрерменді өнерімізбен алғаш рет таныстырдық. Тарихымыз сол күннен бастау алады.

Мадина Қайырбекқызы қазіргі заманға сай камералық хор құрудың артында үлкен еңбек тұрғанын мойындайды. Айта кету керек, ұжымда 20 жылдан бері ән айтып келе жатқан қатысушылар да бар.


Ақмаржан Қалымбек, Артур Поляков