Бүгін төтеншеліктер республикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Арнайы құрылған сценарий бойынша теміржол өткелінде мұнай таситын цистерна жарылып, өрт шығады. Талап бойынша төтенше жағдайлар жасағы қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтауы керек.


«Қыс-2022» жаттығуына бірнеше сала қызметкерлері қатысты. республикалық оқу-жаттығу жиындарына 2000-нан астам адам мен мыңға жуық техника жұмылдырылды.

Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:

Бүкіл облыс бойынша 2035 жеке құрам, біздің облыстың құрылымдығының барлығы қатысып отыр. содан кейін қар күрейтін 417 техника қатысып отыр. сосын 335 инженерлік техника және авариялық іздестіру және эвакуациялық жұмыстарын өткізетін 132 техника.

Бұдан бөлек, құтқару қызметінің мамандарына тағы бірнеше тапсырма берілді. Жанған көліктен жүргізушілерді құтқару, жол көлік оқиғасына қол ұшын созу, сондай-ақ, жоғалған адамдарды іздеу. Әрине, саршұнақ аязда жолда қалғандарды жылыту жұмысы шара сценарийінен алыстаған жоқ. ол үшін арнайы медициналық кешен де жасақталды.

Гүлнар Исақанова, «қызыл ай» қоғамы облыстық филиалының төрағасы:

Суықта қалып қойғандарды жылыту үшін ыстық шәй береміз. Содан кейін денсаулығында ақау болса, алғашқы медициналық көмек көрсетеміз. Содан кейін ауруханаға жеткіземіз. Үсіген саусақтары жабысып қалмас үшін арасын ашып қоямыз.

Жоспар бойынша «Қыс2022» оқу-жаттығу жиындары қараша айының 24-і мен 25-і жұлдызына белгіленген. Айта кету керек, аталмыш жиын жыл сайын өткізіліп тұрады.


Зұлқарнай Ермұратұлы, Артур Поляков