Ономастика – еліміз бойынша күн тәртібінде тұрған мәселердің бірі. Ал, өңірде тіптен өткір деп айтуға болады. Уақыт өтіп, заман жаңарған сайын атауларға деген көзқарас та өзгереді. Биыл аймақта бұл бағыт бойынша бірқатар шара атқарылды. Десе де, әлі де қайта қарастыратын атаулар бар.


Өңірдің зиялы қауым өкілдері мен тіл амамандары, сала қызметкерлері ономостика мәселенің бүгінгі жайы туралы семинар жиында бас қосып, өзарпа пікір алмасты. Бұл тақырыпқа келгенде ғалымдардың айтары көп. Өйткені, көше, елдімекен атаулары елдің тарихы әрі мәдениеті.

Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы:

Алда әлі жүргізе беретін жұмыстар. Әлі де алдымызда көптеген мәселер тұр. Осы мәселені талқылау жиынына келіп отырмыз.

Мәселе, атауларды ауыстыра салу емес. Мәселе әр атаудың ұлтқа, оның тарихына қатысты екендігін көрсету. Сондықтан, бұл тұрғыда ұстанатын басты бағдар айқын.

Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы:

Ауылдардың атауында оның алдымен тарихына қарау керек. Өйткені, бізде монғол шапқыншығы болды, кейін орыс атаулары келді. Ең алғашқы қалыптасқан түркі атаулары. Соның бәрін қазып, зерттеу керек.

Биыл Павлодар қаласында 17 көшенің атауы қайта ауысты. Бірнеше мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді. Аялдамалар тарихи және мәдени тұлғалар жайлы ақпаратпен әрленді.

Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а.:

Ономостика мәселесі күн тәртібінен түскен мәселе емес. Бұл үнемі жұмыстың үстінде. Талқылаудың үстінде. Әрине, 23-жылдан күтеріміз көп. Әр нәрсе өз ретімен орындалған кезде сіздерді хабардар етіп отырарымыз анық.

Шара аясында сөз алғандар жер-су атауларының мән-маңызхына тереңінен тоқталды. Заңнамалық негіздер түсіндіріліп, қайта атаудың идеологиялық маңызына қатысты өз ұсыныстарын білдірді.


Жанасыл Серікбол