Ақсу қаласында үшінші жыл қатарынан «Ақсу толқыны» атты аумақтық балалар шығармашылығының фестивалі өтті. Қорытынды гала-концертте 26 жас өнерпаз марапатталды. Жалпы, музыкалық байқауға Ақсу қаласының ауылдарынан 120 жуық жасөспірім қатысты.


Өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытып, қолдау білдіру керек. Өңірдің әр білім ошағы мен мәдениет үйлерінде жұмыс істейтін қосымша үйірмелер соның айғағы. Ұйымдастырылған «Ақсу толқыны» фестивалінде балғындар 3 номинация бойынша бақтарын сынады.

Жанар Қалиева, Ақсу қалалық өнер мектебінің жетекшісі:

Атап өтерлігі ұйымдастырылып жатқан «Ақсу толқыны» фестиваліне ақсу ауылдық аймақтарынан оқушылар көптеп қатысты. Әр баланың деңгейі өте жоғары. Сахна төрінде өзін ұстау мәнері, үстіне киген сахналық киімі барлығы керемет, бірегей. Әділқазы алқасы бұл жұмыстарды ерекше атап өтіп, оң бағасын беріп отыр.

Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй деп ұлы Абай жырлағандай фестивальге қатысқан әр оқушы өз қабілетін жан жақты көрсете білді. Спутник ауылынан келген «Әлқиса» домбырашылар тобы сахна төрінде «Тепең көк» халық күйін орындады.

Мөлдір Ибрагим, «Спутник» ауылы мектебінің оқушысы:

Біз Тепеңкөк деген күй орындадық. Домбырада. Мен домбырада ойнағым келді. Бізде мектепте бір мұғалім болған. Ол бізге домбырада ойнауды үйретті.

Жанель Қуатова 8 жасынан баян аспабында ойнайды. Қазіргі уақытта атақты әнші Майра әндеріп орындайды.

Жанель Қуатова, Абай атындағы ЖОББМ 6 сынып оқушысы:

Бүгінгі Ақсу толқыны ұйымдаструрышыларына рахмет айтамын. Қатысып жатырмын. Учасниктеріндің бүкіліне сәттілік тілеймін. 00:26 ///00:44// Мен кішкентай кезімде анамға айтқанмын. Анашым мені үйретіңізші баян аспабына. Ол да мені үйретіп, Еркемай әнінен бастадық. Солай мен Майраның әндерін көп халық әндерін шырқап жүрмін.

Сайысқа 9 бен 12 және 13- пен 16 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Фестивальдің барлық қатысушысына алғыс хаттар мен жүлделі орын алғандарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


Әйгерім Тоқпанқызы