Өңір балабақшаларында қазақтың ұлттық асық ойыны кеңінен дәріптеліп келеді. Нөмірі 8 балабақшада «Асығым алшысынан түссін» атты асық терапия кабинеті ашылды. Енді логикалық, математикалық, сондай-ақ тіл дамытуға арналған ойындарда асық қолданылмақ.


Қаладағы №8 балабақшаға 210 бөбек барады. 3-6 жас аралығындағы ортанғы және даярлық топ тәрбиеленушілері асық ойындарын жіті меңгерген. Оның тарихынан да хабардар.

Асылы Нұрлан, тәрбиеленуші:

Асық – малдың сүйегінен алынған шымыр сүйек. Асық сойылған қойдың асық жілігінен алынады. Оны суға қайнатып бояйды. Мен асық ойнағанды жақсы көремін.

Ата-аналармен бірлесе 2000 жуық асық жиналған. Олардың барлығы санитарлық талаптан өткен. Жоғары талғаммен әрі көз жауын алар көркем бояулармен көмкерілген асық толы бөлмеген балалар қуана кіреді.

Жайнагүл Қаби, тәрбиеші:

Асықты жаңа заман талаптарына сай, балалардың қызығушылығын арттыру – негізгі мақсатымыз. Асық ойыны тек ғана спорттық ойындар емес, қазіргі заман талабына сай дидактикалық, үстел үсті ойындар ретінде де түрлі технологияларға сүйене отырып біз жасап дайындадық.

Ал балалар алтын сақаны көрнекі түрге келтіріп, түрлі түстерге бояған. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы жоғары. Сол себепті жеке кабинет ашу ойы туды, дейді мекеме басшысы.

Маржангүл Жетпіс, балабақша басшысы:

Асық ойыны негізі 4-5 жылдан бері балабақшамызда ойнатылып келеді. Балалар осық ойнай. Балалар «қанталапай», «қазан асық» деген ойындарды өте жақсы біледі. Ересек,даярлық топтың балалары өте жақсы біледі.

Айта кету керек, Мотессори үлгісіндегі технология қолданылған ойындар балалар арасында сұранысқа ие. Осы арқылы бөбектердің ойлау қабылетін арттырып, тез жетілуіне жол ашады. Қазір бұл әдісді өзге де балабақшалар біртіндеп қолданысқа енгізе бастаған.


Ақмаржан Қалымбек