Тұғыры биік тәуелсіздік. 1986 жылдың 16 желтоқсанда болған оқиға - қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Бұл айтулы оқиғаны тарихшылар әлі де зерттеп жатыр. Бүгін Достық үйінде желтоқсан ызғарына қатысқан жанашыр азаматтар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басына жиналды.

1986 жылдың 16-17 желтоқсаны Қазақстан тарихындағы мәңгі өшпес күндер. Бұл оқиға қазақ халқының тілі, ділі мен діні үшін, салт-дәстүрі мен тарихы үшін, атамекен болашағы үшін күрес еді. Өнер тарланы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық театрының әртісі, Бейбіт Шәнім ағамыз 1986 жылы театр институтының 3 курс студенті еді. Егемен ел болу, қазақ даласы үшін басқа жастармен орталық алаңға шықты.

Бейбіт Шәнім, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық театрының әртісі:

Қазір егемендік алғанымызға 31 жыл кетіп бара жатыр. Менің өзіме, егемендіктің бастауы деп мен сол 1986 жылы 16 декабрь желтоқсанды айтар едім. Неге десең сол мезгілдегі жастардың елге, жерге, халыққа деген сүйіспеншілігі, отаншылдығы сол кезде бәрінің көзіне көрініп тұрды. Ал қазір осы егенемнідігімізді жариялап, өзімізге тәуелсіз ел болған кезде мына естелініп жатқан жұмыстар олардың бәрі осы халықтың игілігіне арналып жатыр деп ойлаймын.

Тәуелсіздік кез-келген халық, ұлт үшін үлкен ұлы ұғым. Әсіресе қазақ халқы үшін өте қасиетті. Егенмендік бір күнде, бір сәтте келе қойған жоқ. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандардың бірі Айман Зейнулина. Сол кезде өрімдей жас жігіттер мен жігітттер тәуелсіздік тұғырын көтеруі үшін оқудан қудаланып, сотталды дейді.

Айман Зейнуллина, ф.ғ.к., профессор:

Әр ғасырда әр жылдарда болған тәуелсіздік жоландыға күрес өзінің мағынасы бар. Өзінің мәні бар. Міне сол күрестердің соңғысы деп есептейік. Ары қарай болмасын дейік бұл желтоқсан көтерілісі. Әрине, өздеріңіз тарих беттерін парақтасаңыз. Осы күнге дейін желтоқсан оқиғасы деп жатыр. Бірақ тарихшылар өз орынына қояды ғой деп есептйміз. Жалпы желтоқсандықтар Республика бойынша тіпті шет ел ғалымдары мұның ішінде Польша, Венгрия ғалымдары бар алғашқы кезде сол кісілердің өздері желтоқсан көтеріліс деп баға берген болатын. Өйткені бұл көтеріліс ұлт азамттық көтеріліс болды.

Қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінде саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөнінде комиссия құрылды. Бұл тарапта тыңғылықты жұмыс атқарылып келеді. Архив, тарих беттері ақтарылды. Әр құжат зерттеліп жатыр.

Айзада Құрманова, облыс әкімінің орынбасары:

Бүгінгі күнде 4000 мыңнан аса жерлестеріміздің есімі ақталу үстінде. Және де желтоқсан оқиғаларының тарихтағы орынын осы комиссияның жұмысы қорытындысы болады деп үміттенеміз. Өйткені комиссия мемлекеттік жұмысы аяқталған жоқ. Әлі жұмыс істінде. Бұл комиссияның түпкі мақсаты қол жеткізетін қорытындысы біздің тарихымыздағы олқылықтарды жою.

Дөңгелек үстел барысында «Тәуелсіздікке ұмтылған жас ұландар» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұл монографияның 2-ші жинағы. Онда Ертіс-Баян өңірінің атақты күрескер ақын жазушылары қолтаңбасын қалдырған.

Әйгерім Тоқпанқызы