Аймақ басшысы Асайын Байханов өңірдің дарынды жастарымен кездесті. Жыл бойы халықаралық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар қаржылай сыйяпатқа ие болды.

Достық үйінде Павлодар облысының ақылды, дарынды жастарына құрмет көрсетілді. Түрлі білім додаларында бақтарын сынап, өңір намысын абыроймен қорғап жүрген оқушыларды облыс әкімі құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бүгін залда жиналған дарынды жастар елін, жерін сүйетін патриоттардың қаймағы. 307 медальға ие болып, көшбасшылар қатарына шықтық. Бұл сөзге Президентте аса мән береді.

Жастардың арасында гимназия, мамандандырылған лицейлермен қатар қарапайым жалпы білім беретін мектептің оқушылары болды. Ауыл жастарының жоғары деңгейдегі олимпиадаларда керемет нәтиже көрсетіп жатқаны қуантады. Бұл біздің елдің білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ең маңызды инвестициясы.

Береке Мұсабеков, М.Әуезов атындағы мектептің оқушысы

Тарих пәніне қықығушылығым 5 сыныпта оянды. сол кезден бастап роимпиадаға қатыстым. Болашақта өзімді тарихы рентінде, қазақстан тарихын бүкіл әлемге тарату тілегім бар. Бірінші республикалық олимпиадаға 8 сыныпта қатыстым. Одан мотивация алып, бағымды осы олимпиадада сынадым.

Жалпы облыстың 57 дарынды оқушысы аталмыш марапатқа ие болды. Оларға аймақ басшысы атынан 200, 150, 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Бұл тағы бір мәрте білім алып, оқыған балалардың далада ешқашан қалмайтынын білдіреді.

Дилбархон Сулайманова, Қызылжар орта мектебінің оқушысы

Мен 2025 жылы осы республикалық ауыл олимпиадасына қатыстым. Ал, 2026 жылы үшінші орын алдым. Осы 7 сыныптан бастап талай рет олимпиадаларға қатысқанмын. болашақта орыс тілінің мұғалімі болғым келеді. Ұстаздар ынатмды ашып жіберді.

Шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.

САмал Қалиқызы