Павлодар ұстаз халықаралық педагогикалық байқаудың беделді сыйлығын жеңіп алды. Бельгияда өткен байқауға әлемнің түрлі елдерінен үздік тәжірибелер ұсынылған. Халықаралық сарапшылар қазақстандық ұстаздың жұмысын жоғары бағалаған.

Гүлмира Мешітбаева Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжде он жылдан астам уақыттан бері еңбек етеді. Scaffold карточкалар арқылы оқытудың жаңа тәсілін қолданып, студенттерді, болашақ ұстаздарға білім беруде.

Карточкалар саны 102. Бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Бұл бағыттар бір-бірімен интеграцияланған. Брюссеьде өткен беделді байқауда осы тәжірибе көрсетіп, марапатқа ие болды.

Гүлмира Мешітбаеваның жалпы оқыту үдерісіндегі ізденісін әріптестері де, оқушылары да жоғары бағалауда.

Уақыт алға озған сайын білім берудің жаңашылдықтары да артып келеді. Колледж ұжымы бұл көштен қалмай, инновацияларды игеріп, жас ұрпаққа сапалы білім беруде.