Негізгі Жаңалықтар Жаңа жылдың алғашқы күні 52 сәби дүниеге келді

Жаңа жылдың алғашқы күні 52 сәби дүниеге келді

Жаңа жыл түні өңірде 52 сәби дүниеге келді. Облыстық перинаталды орталықта 13 ер, 8 қыз бала туды. Ал қалалық перзентханада 6 нәресте дүние есігін ашты. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен сәбидің денсаулығы жақсы.

Облыстық перинаталды орталықта 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 21 шақалақ жарық дүниеге келді. Ал №1-ші қалалық перзентханада 15 сәби туды. Ер балалардың саны басым. Қазір ана мен балалардың көпшілігі үйге жіберілді.

Гауһар Тұрсынбаева, облыстық перинаталды орталығы босану бөлімшесінің дәрігері:

Жаңа жыл түнінде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнінде біздің облыстық перзентханада 21 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 13 ер бала, 8 қыз бала. Бүгінгі күнде олардың денсаулық жағдайлары жақсы. Аналарының қасында. Үйлеріне шығуға дайындалып жатыр. Бірінші дүниеге келген 1 қаңтарда 12.05 минут кеткенде ер бала келді. Негізі ер балалар көп туып жатыр қазір.

Облыс орталығының тұрғыны 25 жастағы Айжан Мақсұтова 2 баланың анасы. Жаңа жылда Айжан, Ару есімді қыз баланың анасы атанды. Оларды үйде 4 жастағы қызы күтіп отыр.

Айжан Мақсұтова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Кішкентай нәрестеміз, Ару есімді нәрестеміз дәл Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дүниеге келді. Салмағы 3700 граммен. Өте қуаныштымын және де осы перхентхананың дәрігерлеріне мың алғыс айтамын.

Облыстық перинаталды перзентханада қазір 500-600 және 800 грамм салмағы бар 3 нәресте жатыр. Бұл балалар 2 келі салмақ қосқаннан кейін палатаға ауыстырылады. Жалпы Павлодар өңірінде өткен жылы 10 мыңнан аса бала дүниеге келді.

Әйгерім Тоқпанқызы


Бөлісу