Мәдениет саласына цифрлық жаңашылдық енгізу мәселелері талқыланды
Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар мәдениет саласына да тың мүмкіндіктер әкеліп отыр. Осы орайда Железин ауданында мәдениет қызметкерлеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Кәсіби басқосу барысында қатысушылар жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану жолдарымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар бағдарламасы үш бағытты қамтыды. Алғашқы бөлімде жасанды интеллект мүмкіндіктері мен онлайн қызметтерді мәдениет мекемелерінің жұмысында тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Мамандар өз баяндамаларында цифрлық құралдардың шығармашылық үдерісті жетілдірудегі рөліне тоқталды. Іс-шараға облыстың тоғыз ауданы мен бір қаласынан жүзге жуық маман қатысты. Олардың қатарында мәдениет үйлерінің, кітапханалар мен музейлердің қызметкерлері бар.
Валерия Айтмұратова, Қ. Әлсейітов атындағы Железин аудандық мәдениет үйінің әдіскері
Екінші бағытта шеберлік сабақтары өткізіледі. Робототехника, үш өлшемді басып шығару және шығармашылық бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Аудандық мұражайда, кітапханада және «Шабыт» орталығында танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады. Түскі үзілістен кейін вокалдық-аспаптық өнерге арналған ретро фестиваль өтеді.
Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға қатысты. Робототехника, үш өлшемді басып шығару және шығармашылық бағыттар бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мамандар жергілікті мәдениет ошақтарының жұмысымен танысты. Бағдарлама аясында тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды ортаға салуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берілді.
Айгүл Мұқышева, Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Железин ауданындағы мәдениет мекемелерінің құрылымына 17 мәдениет үйі мен 16 кітапхана кіреді. Оның ішінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де бар. Сонымен қатар аудандық мәдениет бөлімінің қарамағында тарихи-өлкетану музейі жұмыс істейді. Барлық мекеме бекітілген жылдық жоспарға сәйкес қызмет атқарады. Қызметкерлер ай сайын аудандық және облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатысып, республикалық байқаулар мен мәдени жобаларда да өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Семинар қатысушылары үшін жасанды интеллект тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды. Себебі цифрлық технологияларды меңгеру мәдениет мекемелерінің жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Облыстық семинарға қатысқан мамандардың қатарында Успен ауданының өкілдері де бар.
Айнұр Байжанова, Успен ауданы мәдениет орталығының басшысы
Білім беру саласының мамандары жасанды интеллект құралдарын күнделікті жұмысында жиі қолданады. Ал мәдениет қызметкерлері үшін бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бағыттардың бірі. Семинардың тақырыбын естіген бойда қатысуға шешім қабылдадық. Өйткені заманауи технологияларды меңгеріп, олардың тиімді тұстарын өз жұмысымызда қолдану маңызды. Мұнда алған білімімізді тәжірибеде пайдаланып, кәсіби қызметімізге жаңа тәсілдерді енгізгіміз келеді. Заман талабына сай үнемі ізденіп, жаңашылдыққа бейімделу қажет.
Кәсіби кездесудің бағдарламасы шеберлік сабақтары мен экскурсиялардан кейін ретро фестивальмен жалғасты. Музыкалық аспаптар тақырыбына арналған бұл шара мәдениет қызметкерлеріне өнердің түрлі бағыттарын тамашалап, рухани әсер алуға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева