Негізгі Жаңалықтар Төтеншеліктер үй-үйді аралап өрт қауіпсіздігін түсіндіруде

Төтеншеліктер үй-үйді аралап өрт қауіпсіздігін түсіндіруде

Төтеншеліктер үй-үйді аралап өрт қауіпсіздігін түсіндіруде. Кезекті шара Май және Успен аудандарында өтті. Онда алдын-алу шаралары туралы айтылып, улы газге қарсы құралдар таратылды. 


Май ауданында Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралады. Онда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді. Сондай-ақ, улы газды анықтайтын датчиктерді орнатты.

Осындай шара Успен ауданында өтті. Тұрғындармен өрт қауіпсіздігінің ережерелі жөнінде түсіндіру шаралары жүргізілді. Өртті ерте анықтайтын құрылғылар орнатылды. Пеш пен электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Жылыту маусымы басталса тұрғынүйлерде өрт қауіпі артады. Бұндай жағдайлар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда жиі кездеседі. Алдын-алу шараларына құтқарушылармен бірге жергілікті атқарушы орындар да қатысуда. 




Бөлісу