Негізгі Жаңалықтар Трамвай басқармасының дамуы мәселесі талқыланды

Трамвай басқармасының дамуы мәселесі талқыланды


Жүргізуші: «Қала жаңалықтары» айдары аясында облыс орталығындағы маңызды оқиғалар туралы хабарлауды жалғастырамыз. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков трамвай басқармасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда кәсіпорынның қазіргі қызметі, жолаушылар легі, трамвай инфрақұрылымының жағдайы және оны одан әрі дамыту жоспарлары қарастырылды.


Муслим Махмудов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы


Жұмыс істейтін қызметкерлердің саны – 531 адам. 2025 жылғы көрсеткіш бойынша жолаушылар легі 14 миллион адам болды. Трамвай жолдарының жалпы ұзындығы – 89,4 шақырым. 2027 жылы 30 жаяу жүргіншілер өткелін жасау жоспарлануда. Жалпы, Хасар Айтпекұлы, жұмыстар атқарылып, инфрақұрылым бойынша жоспарланған істер жүзеге асырылуда. Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі негізгі жұмыстың қозғалыс тұрақтылығы – 99,7 пайыз.


Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі


2025 жылмен салыстырғанда ай сайынғы бөлініс бар ма? Қанша жолаушы тасымалданды?


Муслим Махмудов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы


Ай сайын шамамен екі миллион болады.


Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі


Соңғы 3–4 жылда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша біршама іс атқарылды. Дыбыссыз жол өткелдері орнатылып жатыр. Қазір қаншасы қалды?


Муслим Махмудов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы


Біреуін орнатсақ, қалада бұл жұмыс тәмамдалады. Барлық жол өткелі дыбыссыз болады.


Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі


Келесі жылы орындау керек маңызды жұмыс – жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі трамвай желілерімен түйісетін тұстарды реттеу және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өткелдер ұйымдастыру. Ендігі маңызды мәселе – Достық шағын ауданына трамвай желісін салу.


Муслим Махмудов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы


Біз бұл істі қолға алдық. Жұмыс істеліп жатыр.


Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі


Мердігер ұйым құжаттарымен келсін, біз кездесіп, олармен талқылайық. Кездесуді жоспарлайық. Енді жаңа трамвайларды сатып алу мәселесіне тоқталсақ.


Муслим Махмудов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы


Жыл соңына дейін 10 трамвай қосылады.


Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі


Трамвай басқармасының барлық қызметкеріне алғысымды білдіремін. Ал біз, қала басшылығы ретінде, сіздерді қолдауға дайынбыз.


Муслим Махмудов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы


Сіздерге қолдауларыңыз үшін көп рақмет!

Бөлісу