Негізгі Жаңалықтар «Астана – келесі Дубай немесе Сингапур»

«Астана – келесі Дубай немесе Сингапур»

«Астана – келесі Дубай немесе Сингапур». Бұл – белгілі америкалық ақпараттық технологиялар жөніндегі стратег және Coinbase биржасының бұрынғы технологиялық директоры Баладжи Шринивасанның Сингапурда өткен The Network State Conference 2026 конференциясындағы сөзі кезінде елордамызға берген бағасы. Ол Астананың өте әдемі, күтімді, таза әрі керемет қала екенін айтты.


Іс-шараға 3,5 мыңға жуық қатысушы жиналды. Олардың қатарында саланың мынадай маңызды тұлғалары болды: Виталик Бутерин – нарықтық құны 300 миллиард доллардан асатын Ethereum блокчейнінің негізін қалаушы, әлемдік криптожобалардың 90 пайызы арқа сүйейтін іргелі жүйенің авторы.


Ричард Тенг – 300 миллионнан астам қолданушысы бар әлемдегі ең ірі Binance криптоплатформасын басқарады.


Олаф Карлсон-Ви – іргелі крипто-венчурлық қорлардың бірі Polychain Capital-дың негізін салушы.


Жиында Шринивасан қатысушыларды зор әлеуеті бар Алатау қаласына қаржы құюға шақырды. Мұндай беделді тұлғалардың Alatau City жобасын талқылауы Қазақстанды жаһандық техноэлитаның назарына іліктіреді. Сонымен қатар бұл жетістікте елімізді әлемге танытуға айрықша үлес қосып жатқан, Шринивасанмен байланыс орнатқан Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиевтің еңбегі зор екенін атап өту керек.

Бөлісу