Негізгі Жаңалықтар Ынтымағы жарасқан ұстаздар 

Ынтымағы жарасқан ұстаздар 

Теміржолшылар кентіндегі №46 мектепте облыстағы 11 білім ошағының педагогтері бас қосты. Онда «Мектептер альянсы» жобасы аясында мұғалімдерге арналған танымдық әрі спорттық шаралар өтті. Ұстаздар біліктілік арттырып қана қоймай, күш-жігері мен ептілігін көрсетті. Толығырақ – алдағы сюжетте.


Мектептер альянсы білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Осы арқылы ұстаздар білім және тәрбие сапасын көтеруді көздейді.

Бұл желілік қоғамдастық облыстағы он бір мектептің басын біріктіріп отыр. Жыл сайын бұл жобаға қосылатын білім ошақтарының қатары да артып келеді. Осы орайда тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ұстаздар мен сала ардагерлері бұл бастаманың болашағы зор екенін айтып, үлкен үміт артып отыр.

Аталған іс-шара аясында мектеп ұжымдары арасында садақ ату, бес асық, асық ату және таяқ тартудан жарыстар ұйымдастырылды. Бұл спорт бәсекесі педагогтердің басын қосып қана қоймай, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеудің тамаша тәсіліне айналды. Осылайша мұғалімдер білім беру ісінде ғана емес, спортта да мықты екендерін дәлелдеді.

Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу